1-тарау. Жалпы ереже
Егер мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени, спорттық өзара қарым-қатынастарды және туризм мәселелерін реттеуді бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін жаңғыртуға, есепке алуға, Сақтауға, халықтар мәдениетін дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдайды, азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасайды;
ауданда дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытады, спорт резервін, жоғары деңгейдегі спортшылар мен мамандарды дайындайды. Спорттың материалдық-техникалық базасын құрады және нығайтады, олардың инфрақұрылымын дамытады;
туризм саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады;
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын және тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын пайдаланудың заңдылығын қамтамасыз етеді;
кітапхана құндылықтарының жалпыға бірдей қолжетімділігі үшін жағдай жасайды;
мәдениет, спорт және туризм объектілеріне жалпыға бірдей қолжетімділік үшін жағдай жасайды.
мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан сұратуға;
мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спорт және туризм салаларындағы қызметті ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге;
тілдерді дамыту, сондай-ақ қазақ және ұлттық мәдениетті және аудан аумағында тұратын басқа ұлттардың мәдениетін дамыту жөніндегі ағымдағы және перспективалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.
мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
аудан әкімдігінің, комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, ауданның мемлекеттік органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;
қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау.
ауданның мемлекеттік мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спорт және туризм ұйымдарының қызметін үйлестіруді және қолдауды жүзеге асырады;
ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық, спорттық-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізудің аудандық жоспарларын әзірлейді, іске асырады, үйлестіреді; аудандық деңгейде спорт түрлері бойынша жарыстар өткізеді, аудандық туристік іс-шараларды өткізуге көмек көрсетеді;
әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
аудан аумағында дене шынықтыру, бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерін дамытады;
аудан аумағында спорттық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады, туризмді дамыту проблемалары бойынша перспективалық, ағымдағы нысаналы бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады;
туризмді дамытуға бағытталған қаржы қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;
туризм мәселелері бойынша форумдар, кеңестер мен семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
бұқаралық ақпарат құралдарында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спорт және туризм мәселелерін жариялауды ұйымдастырады;
ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;
жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда қолжетімділігін ескере отырып, инфрақұрылым жасайды;
ауданның мәдени, спорттық мақсаттағы объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
мемлекеттік тілдің қоғамдық функцияларын дамыту және кеңейту мәселелерінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;
тілдерді дамыту жөніндегі ағымдағы және перспективалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
мекемелер мен кәсіпорындардан ақпарат жинауды ұйымдастыру, оларға тілдерді дамыту мәселелері бойынша ақпарат жеткізу, тілдерге арналған іс-шараларды өткізудің аудандық жоспарларын үйлестіру;
тиісті органдарға ауылдарға, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде географиялық объектілердің атауларын ретке келтіру, тарихи атауларды жаңғырту, сақтау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды анықталған бұзышылықтарды жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады.
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталатын, өзінің құзыретіне сәйкес, дара басшылық принципінде әрекет етеді және бөлім қызметі сұрақтарын жеке шешеді;
сенім хатсыз мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді;
өзінің құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа шараларды қарсы қолданбау жеке жауапкершілікте өзі жауап береді;
барлық сот инстанцияларда және ұйымдарда мемлекеттік мекеменін мүдделерін ұсынады;
заңнамамен орнатылған жағдайлар мен төңіректе мүлікті басқарады;
шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады;
барлық жұмысшыларға арналған міндетті тапсырмалар береді және бұйрықтар шығарады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
мемлекеттік мекеме жұмысшыларына тәртіптік жаза қолданады және ынталандыру шараларын қабылдайды;
мемлекеттік мекеме жұмысшыларының міндеттерін және құзыретті шеңберін анықтайды;
заңнамамен, осы Ережемен оған жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады;
мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүргізеді, олардың заңды талаптары мен негізделген өтініштерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметінде анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды;
өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады заңнамамен, осы Ережемен;
мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Мемлекеттік мекеменің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Балқаш аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.
2) Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
4) Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тарихи-өлкетану мұражайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Болашақ спорттық-сауқтыру кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны