ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 23 сәуірде екі сайлау округі бойынша Сандықтау ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сандықтау ауданының Мәдениет ауылы, Каменск ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Мәдениет ауылының әкімін сайлауы бойынша

Мәдениет ауылының сайлау округі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 299 азамат енгізілді, олардың 255-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 10, «Бәріне қарсымын» белгісімен - 5.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.Н.Кәрімжанов – 208; Д.А.Руди – 17; Г.К.Савиди – 15.

Мәдениет ауылының әкімі болып Кәрімжанов Арман Нарбайұлы сайланды, 1978 жылы туған, «Колос золотая Нива» ЖШС инженері, Васильевка ауылдық округінің Васильевка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.  

 

         Каменск ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша

Каменск сайлау округі:       

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 866 азамат енгізілді, олардың 674-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 25, «Бәріне қарсымын» белгісімен - 6.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Н.А. Дерягина – 46; Р.Д. Жұманов – 49; Л.П. Сахнова – 548.

         Каменск ауылдық округінің әкімі болып Сахнова Людмила Павловна сайланды, 1982 жылы туған, «Каменск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Каменск ауылдық округінің Каменка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

         Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 25 сәуірдегі                  №  шешімімен 2023 жылғы 23 сәуірде сайланған Сандықтау ауданы Мәдениет ауылы мен Каменск ауылдық округінің әкімдерін тіркеді.

                                     

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 апреля 2023