Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Приозерное ауылындағы СҚК-да еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің біріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды, Іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзімен ауылдық округ әкімі В.Гуйван сөз сөйледі. Ол тұрғындарды Республика күнімен құттықтап, бұл мереке халықтың бірлігін, мемлекеттің жасампаздығы мен тәуелсіз дамуына деген ұмтылысын білдіретінін атап өтті. Мерекелік шара ауылдық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы мен Приозерная орта мектебінің оқушылары дайындаған жарқын концертпен аяқталды.