Басты мемлекеттік мереке -Қазақстан Республикасының күні

Басты мемлекеттік мереке -Қазақстан Республикасының күні

Қазақстан Республикасының Күні қарсаңында Васильев мәдениет үйінде еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі -  Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

 Салтанатты бөлім Мемлекеттік Тудың еңгізіліп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалуымен басталды

Іс-шараға қатысушыларға Васильев ауылдық округінің әкімі Азамат Өмірбекұлы Үйсімбаев құттықтау сөз сөйледі . Ол тұрғындарды Республика күнімен құттықтап, бұл мереке халықтың бірлігін, мемлекеттің құрылуы мен тәуелсіз дамуына деген ұмтылысты бейнелейтінін атап өтті.

Бұл күні бірқатар азаматтарға адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы және Сандықтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды .