
Васильев ауылдық Мәдениет үйінде Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Васильев ауылдық округінің әкімі үлкен буын өкілдерін мерекемен құттықтап, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесіне, ауылдың дамуына қосқан үлесіне алғысын білдіріп, баршаға мықты денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Өнерпаздар ұжымы қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әсем ән мен билерден тұратын концерттік бағдарлама ұсынды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар дәстүрлі шай дастарханына шақырылды.