Құрметті Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Широков а/о тұрғындары!

Құрметті Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Широков а/о тұрғындары!

       Ақмола облысының  Сандықтау ауданы, Широков а/о азаматтардың  құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында  халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық  актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.

«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті»  жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.

«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.

 Құрметті Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Широков а/о азаматтары!құқықтық мәселелер туындаған жағдайда, Сіз мына мекен-жайда орналасқан құқық кабинетін пайдалана аласыз: Богородка ауылы Орталық көшесі 10 , жұмыс күні режимі сағат 9:00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 1300-14:30-ға дейін.  Демалыс күндері сенбі және жексенбі.