Құқық кабинеті

Құқық кабинеті

Құрметті Ақмола облысы Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының тұрғындары!

Ақмола облысының Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының азаматтардың  құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында  халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық  актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет»ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
           «Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
      Құрметті Сандықтау Мәдениет ауылының азаматтары құқықтық мәселелер туындаған жағдайда, Сіз Мәдениет ауылы, Тәуелсіздіктің  25 жылдығы көшесі, 9 мекенжайындағы құқық кабинетін пайдалана аласыз. Жұмыс уақыты жұмыс күндері 9-00-ден 18-30-ға дейін.