Мәдениет ауылы әкімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Мәдениет ауылы әкімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Құрметті Мәдениет ауылының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, халқымыздың бірлігі мен тұтастығының қасиетті нышандары болып табылады.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың елге деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігінің маңызды көрінісі. Осы құндылықтарға адал бола отырып, біз қоғамның бірлігін нығайтып, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен Қазақстанның болашағына деген жауапкершілік сезімін қалыптастырамыз.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, ынтымақ, отбасыларыңызға амандық және Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!
Құрметпен Мәдениет ауылының әкімі Арман Кәрімжанов.