
Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2026 жылғы 08 сәуір күні Мәдениет ауылына аудандық полиция бөлімі, жастар ресурстық орталығы, ішкі саясат бөлімі және аудандық аурухана өкілдерінің қатысуымен іссапар ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында Мәдениет ауылының тұрғындарымен және жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында қатысушыларға есірткі құралдарын қолданудың себептері мен салдары, олардың денсаулыққа зиянды әсері, сондай-ақ алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.
Есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін құқықтық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар мамандардан түсіндірме алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық бұзушылыққа тартылудың алдын алу бойынша ұсыныстар алды.
Іс-шаралар ашық диалог форматында өтіп, халық пен жастардың ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталды.