
Құрметті Ақмола облысы Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының тұрғындары!
Ақмола облысы Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының әкімдігінде азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру мақсатында халықты қолданыстағы және талқыланып жатқан нормативтік құқықтық актілермен таныстыру үшін ақпараттық жүйелерге қол жеткізе отырып, "құқық кабинеті" немесе"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" құрылды.
«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының азаматтары құқықтық мәселелер туындаған жағдайда, сіз Сандықтау ауданының Мәдениет ауылы, Тәуелсіздік көшесі 25 жылдығы, 9 мекенжайындағы құқық кабинетін пайдалана аласыз. Жұмыс уақыты: 9.00-18.30, түскі үзіліс 13.00-14.30.