
Құрметті Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округінің тұрғындары!
Ақмола облысының Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округінің азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті Сандықтау ауданы Каменка ауылдық округінің азаматтары құқықтық мәселелер туындаған жағдайда, Сіз мына мекенжайдағы құқық кабинетін пайдалана аласыз: Каменка ауылы Жеңіс көшесі № 22 , жұмыс күндері жұмыс режимі : 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін; демалыс күндері: сенбі, жексенбі.