Заң кабинеті

Заң кабинеті

️«Құқық кабинеті» – бұл әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заңдық көмек) ала алатын орн.

2023 жылдың 13 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің № 899 бұйрығымен бекітілген «2024 - 2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмысының іс-шаралар жоспары» сәйкес, «Камени ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ орналасқан ғимаратта "Е-gov" өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы негізінде «Құқық кабинеті» жұмыс істейді.

Жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.

Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін "Әділет" ақпараттық-құқықтық базасына және "Заң" деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-өтініш, egov, "Ашық НҚА" порталы және т.б.) қол жеткізуі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.