
Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы "іргелес аумақты және ғимараттың қасбетін үздік абаттандыру" байқауының қорытындысын шығарды.Каменка ауылының жалпы білім беретін мектебі байқаудың жеңімпазы бола отырып, аумақты абаттандырудың, күтімнің және тазалықтың жоғары деңгейін көрсетті.Байқау қорытындысы бойынша мектепті Ақмола облысының әкімі М. М. Ахметжанов марапаттап, 5000 000 теңге сомасына сертификат тапсырды.Педагогикалық ұжымды, оқушылар мен ата-аналарды еңбек сіңірген еңбегімен құттықтаймыз!