Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны айналасындағы минералдандырылған жолақтарды жаңарту жұмыстары
Берлік ауылдық округінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының айналасындағы минералдандырылған жолақтарды жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дала және табиғи өрттердің таралуының алдын алу, сондай-ақ қоршаған аумақтарды қорғау.
Жұмыстар арнайы техникамен белгіленген талаптарға сәйкес орындалды. Минералдандырылған жолақтарды уақтылы жаңарту өрт қауіпті кезеңдегі маңызды алдын алу шараларының бірі болып табылады.