
Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
2026 жылғы 10 тамызда сағат 15:00-де Орталықтандырылған аудандық кітапхана ғимаратында аудан әкімі, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы және мемлекеттік мекемелердің басшыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өтеді.
Іс-шара барысында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті түсіндірмелер алып, ауданның өзекті мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.
Барша аудан тұрғындарын аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!
📅 Күні: 2026 жылғы 10 тамыз
🕒 Уақыты: 15:00
📍 Өтетін орны: Орталықтандырылған аудандық кітапхана.
Сіздің белсенді қатысуыңыз – ауданымыздың дамуына қосқан маңызды үлесіңіз!