6 желтоқсанда Сандықтау ауданының әкімі Е. Жүсіпбеков, Белгород ауылдық округінің әкімі Б. Жанғожиннің Белгород ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесуі өтті , 2024 жылдың 2 жартыжылдығының қорытындысы бойынша тұрғындар көше жарығын орнату, Белгород-Раздольное - аудан шекарасы А/жолын жөндеу қажеттілігі туралы сұрақтар көтерді, тиісті түсініктемелер алынды.
Полиция бөлімінің басшысы С. Әбілмәжінов халыққа қырағы болуға, алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге шақырды. ТЖ бөлімінің басшысы А. Жанғожин жылыту маусымы кезіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ тұрмыста газ баллондарын пайдалану ережелері туралы айтып берді.