
Бүгін мектебімізде Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін ерекше әрі толқынысқа толы мереке болды.
Салтанатты жиынға құрметті қонақтар қатысты: Сандықтау ауданы полиция бөлімінің өкілі Исаков Мұхтар Баймұратұлы және Белгород ауылдық округінің әкімі Жанғожин Бауырбек Нұрғожинұлы. Қонақтар түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, емтихандарды сәтті тапсырып, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді.Іс-шара барысында ұстаздар мен ата-аналарға алғыс сөздер айтылып, шығармашылық нөмірлер көрсетілді. Сонымен қатар түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды.
Бұл күн мектептегі қызықты да жарқын сәттердің естелігі болып, жүректерде ұзақ сақталсын!
https://www.instagram.com/reel/DYxbLWWM0ib/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==