
9 мамыр Белгород ауылында Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ауыл тұрғындары мен қонақтарына арналып патриоттық әндерге, алғыс сөздерге және батырлардың ерлігіне тағзым етуге толы мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары мен веноктар қою рәсімі өтті. Қатысушылар бір минут үнсіздікпен батырлардың рухына тағзым етіп, бейбіт өмір мен еркіндік үшін жанын қиған ерлерге деген зор құрметі мен алғысын білдірді.
https://www.instagram.com/belgorod_auyldyq_okrugi/reel/DYIQ8j5MU5B/