
✨Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – елдің экономикасын нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып жүрген еңбек адамдарына көрсетілген құрмет.
Жарқайың ауданы – еңбегімен өркендеген ірі аграрлы өңір. Жер емген диқандар мен мал шаруашылығы мамандарының қажырлы еңбегінің арқасында аудан жыл сайын жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
Құрметті жерлестер!
Еңбектеріңіз жемісті, мерейлеріңіз үстем болсын! Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік және бақ-береке тілеймін!