
Құрметті Белгород ауылдық округінің тұрғындары!
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 🇰🇿
Бұл мереке Қазақстанның әрбір азаматы үшін ерекше маңызға ие. Бұл біздің бай тарихымызды, мәдени мұрамызды және еліміздің егемендік пен тәуелсіздікке жеткен ұлы жолын еске алатын күн.
Республика күні-бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің символы.
Сіздерге, отбасыларыңызға және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Сіздің үйлеріңізде әрқашан қуаныш, жылулық және өзара түсіністік орнасын.
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
Белгород ауылдық округінің әкімі Б. Жанғожин.