
2025 жылдың 25 қыркүйегінде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында отбасы күніне арналған «Өнерлі шаңырақ» облыстық конкурс-фестивалі өтті. Бұл өнер мерекесі өңірдің талантты егіздерін бір арнаға тоғыстырды.
Сандықтау ауданынан бұл шығармашылық байқауда Белгородское ауылының тұрғындары, егіз сіңлілер Алёна мен Анастасия Андруцуляк абыроймен өнер көрсетті. Қазіргі уақытта олар «Ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша екінші курста оқып жүр. Оқу жүктемесіне қарамастан, қыздар өз таланттарын дамытып, шығармашылықпен белсенді айналысып келеді.
✨ Сахна төрінде олар өнерпаздық шеберлігін, креативтілігін ғана емес, нағыз отбасылық бірлікті де көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша қыздар дипломмен және 100 000 теңге сертификатымен марапатталды.
Алёна мен Анастасияны шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!