Сандықтау ауданының су тасқынына дайындығы туралы аудан әкімінің орынбасары айтып берді
Сандықтау ауданының аумағында ықтимал су басу орындарында халықты хабардар ету схемасы әзірленді. Бұл жағдайда эвакуациялау пункттерінде 117 адамды орналастыру қажет болады, бұл үшін жалпы сыйымдылығы 204 адамды құрайтын 10 нысан көзделген.
Сондай-ақ, аудандық су тасқынына қарсы штабтың құрамы мен су тасқынын дайындау және апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Штабтың жұмысы, сондай-ақ өзендер деңгейінің жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін гидробекеттерді қою облыс ТЖ департаментінің ұсынымдары негізінде жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 18-19 наурызында жалпы ауданы 8 100 м2 10 су нысанына мұз қабатын қопсыту және ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары жүргізіледі.
Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге арналған күштер мен құралдардың аудандық топтамасы 115 адам мен 51 бірлік инженерлік және арнайы техниканы құрайды.
Елдi мекендерде ерiген суды сору үшiн жеңдермен жинақталған қуаттылығы әртүрлi 10 мотопомпа бар. Бүгінгі таңда барлық мотопомпалардың техникалық жарамдылығы тексерілді. Барлығы пайдалануға дайын.