«Құқық кабинеттері»

«Құқық кабинеттері»

Құрметті Ақмола облысы Сандықтау ауданының Балкашин ауылдық округінің тұрғындары!

Ақмола облысының Сандықтау ауданның, Балкашин ауылдық округінің азаматтардың  құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында  халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық  актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет»ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
           «Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
          Құрметті азаматтар  Сандықтау ауданының Балкашин ауылдық округінің құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Абылай хан көшесі 119 мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.