Ерлік пен елдікке тағзым ететін, патриоттық рухты асқақтататын салтанатты шара өтті

Ерлік пен елдікке тағзым ететін, патриоттық рухты асқақтататын салтанатты шара өтті

Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шарасының жарқын хореографиялық көрініспен шараның шымылдығын ашқандар: «Көкшетау» мәдениет сарайының 50 жылдық тарихы бар «Көкшетау» халықтық би ансамблі – жетекшісі «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина, 25 жылдық тарихы бар «Он алты қыз» халықтық би ансамблі – жетекшісі Мадина Дусмогомбетова.

Астана қаласында өтіп жатқан Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парадтың тікелей көрсетілімі LED-экранда ұсынылып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың парад аясындағы салтанатты құттықтау сөзі тыңдалды.

Отан қорғаушылар күніне орай ҚР дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін біршама азаматтар марапатқа ие болды.

Іс-шараның салтанатты бөлігінен кейін, көрермендерге Отан қорғаушылар күніне арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Концерттік бағдарламада К. Күмісбеков атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркемдік жетекшісі және бас дирижер Жанат Рашит, «Шапағат» медалінің иегері Аякөз Қалмағанбетова, республикалық байқауларының лауреаттары Бекұлан Ерболат, Серікболсын Бекмолдин, Айнабек Оразалы, Бауыржан Балтин, Айгерім Шалқарова, Асылжан Пірбергенов, Бауыржан Нұрымбетов және Асхат Булебаев өнер көрсетіп, көрерменнің көзайымына айналды.

Құрметті жерлестер! Сіздер даңқты бабаларымыздың жауынгерлік рухын биік ұстап, Отанға адал қызмет етеді деген сенімдеміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!