2025 жылдың 16 сәуірінде Ш.Уәлихановтың 190 жылдығына және Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, «Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы және өлке тарихының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы тек қазақ халқы үшін ғана емес, мәдени құбылыс және тұтас бір дәуір болып келеді. Ұлы ағартушының сан қырлы ғылыми қызметі көптеген елдердің түркітанушылары, тарихшылары, этнографтары, этнологтары мен филологтардың зерттеу пәніне айналды.
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тарихи-мәдени мұрамызды ХХІ ғасырға сай жаңғыртып, жүйелі түрде дәріптеуіміз қажет. Ғылыми зерттеулер жүргізу, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық қазба жұмыстарын жандандыру, музей ісін дамыту, шетел мұрағаттарын зерделеу, салт-дәстүрімізді жаңғырту - осы жұмыстың бәрін бір жоспарға келтіру керек» деп атап өтті.
Іс-шараның бағыттарына сәйкес, ғылыми-тәжірибелік конференцияда Астана, Көкшетау қалаларынан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарынан келген ғалым тарихшылардың, археологтардың зерттеуші, этнограф, шығыстанушы, тарихшы Шоқан Уәлихановтың әлемдік тарихқа қосқан зор үлесі туралы баяндамалары ұсынылды. Сондай-ақ тарихтың, археологияның болжамды міндеттерінің даму перспективалары, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау және қорғау саласындағы әдіс-тәсілдер мен шешімдер туралы сөз қозғалды.
Археология адамзат қоғамы қызметінің материалдық қалдықтары негізінде өткенді зерттейтін ғылым ретінде тарихи ғылымның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатындығын атап өткен жөн. Археологиялық ескерткіштеріндегі зерттеу жұмыстары, археологиялық жобалар әрқашан өзекті болып табылады. Олардың өзектілігі – археологияны зерттеу кезінде жастар тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар іс жүзінде далалық тәжірибелерді ұйымдастыру барысында, археологиялық орындарға экскурсиялар біздің тікелей еліміздің өткенінен сыр шертеді. Археология мен тарихи өлкетанудың өзара байланысы өскелең ұрпақтың туған өлкенің тарихи-мәдени құндылығын түсінуге тәрбиелеуге және жас ұрпақтың тарихи-мәдени ойлауының негіздерін қалыптастыруға, яғни олардың тарихи дамудағы аумақтардың өзара байланысын, адамзаттың өткенін зерттеудің маңызы мен маңыздылығын түсінуіне мүмкіндік береді.