«Әдепті келін – отбасы көркі» облыстық байқауы

«Әдепті келін – отбасы көркі» облыстық байқауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады» - деп айтқан болатын.

17 наурыз күні мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні «Көкшетау» мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Әдепті келін – отбасы көркі» облыстық байқауы өткізілді.

Жас келіндер 4 түрлі кезең бойынша бақтарын сынады: «Сәлем – сөздің анасы» - таныстыру, «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» - қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрыптарын негізге ала отырып отбасы мүшелерімен театрландырылған қойылым көрсету, «Берекелі қолдар» - үміткерлер таңдау бойынша шай құю рәсімін немесе нан жаю өнерін көрсету, «Өнегелі де өнерлі келін» - өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін көрсету.

Әділқазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет қайраткері, Еңбек ардагері – Мара Қарапақызы Есмуханова, «Көкшетау» газетінің тілшісі – Жүніс Әсем Ұланқызы, Мемлекеттік тілді оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы – Шарипова Құралай Көшкінбайқызы төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен: ІІІ орынды Гульдана Аманжолова – Сандықтау ауданы, Алтын Ержан – Атбасар ауданы, Диана Даниярқызы – Егіндікөл ауданы; ІІ орынды Бекзада Садуева – Красный яр ауылы, Риза Болат – Степногорск қаласы; Алтынгүл Даргерхан – Есіл ауданы; І орынды Аида Шарипова – Бурабай ауданы, Бас жүлдені Әсемгүл Констатаева – Қосшы қаласы иеленді.