«Біржан сал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі шағын алқа отырысында 2024 жылы атқарған жұмысы есебін ұсынып, 2025 жылға арналған жұмыс жобасымен бөлісті.  

Кітапхана жүйесі 2024 жылы 100 812 мың теңгеге қаржыландырылды. Біржан сал кітапхана жүйесінде барлығы 20 мемлекеттік кітапхана жұмыс істейді. 1 аудандық, 1 балаларға арналған және 18 ауылдық кітапхана бар.

2024 жылы өткізілген шаралардың жалпы саны – 1512, қатысушылар саны 22820 адамды құрайды.

2024 жылы қаржыландыру 348 917,2 мың теңгені құрады Біржан сал ауданында 14 клубтық кәсіпорын, оның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі, 2 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб бар.

Айдан бойынша 80 клубтық құрылымда 524 қатысушы бар.

2024 жылы Біржан сал ауданы Үлгі ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары үшін 135,6 млн.теңге және Біржан сал ауданы Бірсуат ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 219,3 млн.теңге бөлініп жөндеу жұмыстары өз уақытында аяқталып, қолданысқа берілді.

Біржан сал ауданында «Көкек» фольклорлық ансамльде және «Ветеран» хорында «Халықтық» атағы бар.

2024 жылы 592 мәдени іс-шаралар өткізіліп, 21965 көрермендер тамашалады.

Есепті жылдың айрықша жаалығына айналған іс-шарасы Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына арналған «Біржан едім қайтейін...» қойылымы сахналанды. Қоюшы-режиссеры Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Сабыралы Кемелбаев.

Біржан сал атындағы тарихи өлкетану музейінде 2024 жылы 143 экскурсия, 13 музейлік дәріс, 5 көрме, 16 іс-шара өткізіліп, барлығы 1800-ге жуық көрермен тамашалады. Экспонаттар саны 600-ден астам.