Ақмола облысы мәдениет басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ 2024 жылғы Ақмола облысы бойынша археологиялық зерттеулерінің қорытындылары

Ақмола облысы мәдениет басқармасы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ 2024 жылғы Ақмола облысы бойынша археологиялық зерттеулерінің қорытындылары

2024 жылдың маусым айларында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ Ақмола облысы әкімдігі және Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен «Қазыналы қазба - ұлт құндылығы» жобасы аясында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ археологтар тобымен бірлесіп қола дәуірі, ерте темір дәуірі және ортағасырлық қорғандарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Алғашқы археологиялық қазба жұмыстары Жабай өзенінің сол жағалауында, өзен арнасынан 60 м қашықтықта, шағын төбенің етегіндегі бірінші жер асты террасасында, Владимировка ауылынан (Ақмола облысы, Сандықтау ауданы) солтүстік-шығысқа қарай 3,5 км жерде орналасқан Шағалалы археологиялық кешенінде жүргізілді. Ескі мәліметтер бойынша, қорымда 172 қорған бар болса, жаңа зерттеулер нәтижесінде 158 нысан тіркелді. Бейіт солтүстіктен оңтүстікке қарай өзен арнасы бойымен созылған, жерлеу алаңының көлемі 650 × 120 м құрайды. Жерлеу құрылыстары тығыз орналасып арақашықтықтары 2-6 м құрайды. Қабір үстіндегі құрылымдар екі типтен тұрады: жер үйінділері бар қорғандар және тігінен орнатылған тас сақиналары бар қоршау-қорғандар. Үйінділердің жоғарғы жағы тегістелеген.
Шағалалы қорымдарының материалдары мен жерлеу рәсімінің бірқатар негізгі белгілері бойынша Алакөл мәдениеті халқының дәстүрлерімен сәйкес келеді. Бұндай белгілердің қатарына мыналар жатады: бейіттің планиграфиясы (бейіт алаңының тығыз құрылысы); қорған астындағы алаңда сақина түрінде ресімделген үйіндінің болуы; үлкен топырақ шұңқыры; керамикалық ыдыстар (иығында жиегі бар) жатады.
Тамыз айында Жошы Ұлысының 800 жылдығын мерекелеу аясында Зеренді ауданындағы Васильковка ауылынан 1,8 шақырым жерде, Көкшетау қаласының маңындағы Шағалалы өзенінің сол жағалауында орналасқан ерте темір дәуірі және ортағасырлық кезеңдерге жататын ескерткішіне археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Ескерткіш ерте темір дәуірі және ортағасырлық кезеңдерге жататын 14 қорғаннан тұрады. Экспедиция тобы екі қорғанды зерттеп № 1 қорғанда жұмыс барысында 0,67 м тереңдікте жерленген кішкентай сәби қаңқасы анықталды. жерлеу шұңқырында артефактілер анықталанған жоқ. Жерлеу орны қайта қалпына келтірілді.
№2 қорғанды қазу кезінде солтүстік-оңтүстікке бағытталған (1,7м х 0,45 м, тереңдігі 1,3 м) тас қорғаннан болжам бойынша 14-16 ғғ. тән қола айнасы бар әйел адамның сүйек-қаңқасы табылды (1 сурет).
Мұндай ескерткіштердің бар болуы ерте темір дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін тұрғындардың өздеріне тұрғылықты жерді таңдаудағы ұзақ уақыт бойы сабақтастықтың болғандығын көрсетеді. Табылған жәдігер толық зерттелгеннен кейін музей коллекциясын толықтыратын болады. Ескерткіштерді зерттеу барысында археологтар Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра объектілерін егжей-тегжейлі көрсетіп, зерттеу үшін қашықтықтан басқару арқылы ұшатын – дрон және фотограмметрияны пайдалана отырып аэрофототүсірілім әдістерін белсенді қолданды.

Бурабай ауданында көрнекі ландшафт арасында орналасқан, аса көрнекті археологиялық және мәдени объект болып табылатын Абақай кешені аумағына археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жердің ерекшелігі - ғасырлар бойы киелі орын ретінде пайдаланылып, онда символикалық жерлеу және құрбандық ету рәсімдері өткізілген. Ежелгі заманда бұл жер рәміздік жерлеу үшін пайдаланылған, мұны № 2-3 нысандардағы ерте темір дәуіріне жататын қазба жұмыстары дәлелдейді.
Сонымен қатар, жазғы барлау жұмыстары нәтижесінде жаңадан анықталған «Абақай» сақ ғибадатханасы» қорымдарына қорғау-құтқару және археологиялық зерттеу жұмыстарын бастады. Қазан айы бойы болатын экспедицияда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторы, археолог - Тлеугабылов Данияр Төлегенұлының ғылыми жетекшілігімен жүргізілуде, сонымен қоса аталмыш университеттің жас магистрант ғалымдары мен студенттері де қатысуда. Зерттеу барысында мұртты обалар және оның құлаған менгир тастары қалпына келтірілетін болады.
Әдемі ландшафттардың арасында орналасқан және өте тамаша археологиялық және мәдени нысан болып табылатын Абақай кешенінің (Бурабай ауданы) аумағында археологиялық зерттеу жүргізілді. Оның ерекшелігі – бұл жер ғасырлар бойы символдық жерлеулер жасалып, құрбандық шалу және еске алу рәсімдері өткізілетін киелі кеңістік ретінде пайдаланылған. Ежелгі уақытта бұл жер символдық жерлеу үшін пайдаланылған, оны №2–3 қазбалардағы нысандар дәлелдейді, бұл ерте темір дәуіріне жатады.
Бүгінгі таңда Абақай кешені ата-бабалар рухына тағзым етумен байланысты табынушылық орталық (№1 нысан) болып табылады (2-сурет). Оның жаңғырығы қайың бұтақтарына байланған мата қиқымдарынан, қазіргі тас қоршау аумағындағы тиындардан және оның алдындағы мемориалдық ескерткіштен көрінеді.
№2, №3 қорғандар кенотаф (3,4-сурет), яғни онда жерленген адамның сүйегі жоқ.
Түркі дәуіріне дейінгі және ерте ортағасырлық кезеңдердің культтік нысандарына жататын №7 қорған ерекше қызығушылық тудырады. Бұл бір тас қорғаннан шығысқа (бұл жағдайда оңтүстік-шығысқа қарай) екі тас жоталар созылған «Мұртты» бар үйінділердің ең қарапайым түрін білдіреді. Өкінішке орай, «Мұртты» бар зерттелген қорғанның солтүстік жотасы бұзылып, нәтижесінде оны анықтау мүмкін болмады. Қорғанның өзінде адам қорымдары немесе басқа да материалдық олжалар болмаған (5-сурет). Оңтүстік жотаның бастапқы бөлігінде екі стела орнатылған (5-сурет).
Археологиялық ескерткіштер, қоғамның өлке тарихымен және мәдениетімен байланысын нығайта түсетін маңызды мәдени мұра. Мұндай зерттеулер қазіргі заманға дейін, бұрынғы болған бай тарихты көрсетеді. Әрбір жерлеу археологиялық мұра болып табылады.
Абақай кешенінің ғылыми ғана емес, рухани құндылығы да бар, бұл оны мәдени туризмнің перспективалы нысанына айналдырады. Инвестицияларды тарту осы өңірдегі археологиялық ескерткішті танымал етуге мүмкіндік береді. Мұндай нысандарды сақтау және зерттеу маңызды міндет болып табылады, өйткені ол өткен дәстүрлерді құрметтеуге, мәдени бірегейлікті нығайтуға және халықаралық деңгейде тарихи мұраны насихаттауға мүмкіндік береді.