Қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтың еңбегі мен өмір жолына арналған «Қазақтың қайсар тұлғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтың еңбегі мен өмір жолына арналған «Қазақтың қайсар тұлғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстың әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдстыруымен мемлекет және қоғам қайраткері  Жұмабек Тәшеновтың еңбегі мен өмір жолына арналған «Қазақтың қайсар тұлғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қаламыздың жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Ж.Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты.

Іс-шара барысында Жұмабек Ахметұлының тар жол, тайғақ кешумен өткен тағдыры, елге сіңірген еңбегі, ұлт руханиятына көрсеткен қамқорлығы жайлы кеңінен баяндалып, кеңестік дәуірдің қысқаша тарихына шолу жасалды.