Бүгін Ақмола облысы әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың қатысуымен Ақмола облысы мәдениет басқармасы Әдебиет және өнер музейінде Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, сазгер, драматург Құдайберлі Мырзабектің 60 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырылған «Тыңдатам жер шарына жүрегімді» атты әдеби-сазды кеші өтті.
Ақмола облысы әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов өзінің жүрек жарды тілегін айтып, әдеби-сазды кештің өтуімен құттықтады.
Әдеби-сазды кеште Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы, Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұғманов Ермек Бекенұлы, Көкшетау қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлиев Шияп Шарапұлы, Ш.Уәлиханов атындағы КУ-нің оқытушысы профессоры, ф.ғ.к. Сәбит Жәмбек, қоғам қайраткері Қаратай Бәйкенұлы қатысты.
«Тыңдатам жер шарына жүрегімді» атты әдеби-сазды кеште мұрағатта сақталған Құдайберлі Рахімбекұлының айтыс өнеріндегі бейнероликтерінен үзінді көрсетіліп, жас буынға аламан айтыста алғашқы пародия жасаған Құдайберлі Мырзабек екендігі аталып өтті.
Ш.Уәлиханов атындағы КУ-нің жанындағы «Жауқазын» жастар театрының қатысушылары Құдайберлі Мырзабектің өлеңдерін оқып, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облысы филармониясының әншісі Сәрсенбай Хасенов, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Оспанов Қуаныш Ерғалиұлы әнін орындады.