Атбасар қаласында су тасқынын жоюға қатысушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Атбасар қаласында су тасқынын жоюға қатысушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Атбасар қаласында су тасқынын жоюға қатысушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Ақмола облысында су тасқыны қаупі өтті. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 95 елді мекенде сегіз мың тұрғын үйді су басуына жол берілмеді, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залал барынша азайтылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға азаматтық қорғаныс жүйесінің, Ұлттық ұланның, Ішкі істер органдарының үш мыңнан астам қызметкері және бір жарым мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Облыстағы елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 45 км жер үйінділерімен 300 мыңға жуық инертті материал салынған қаптар дайындалды.