Күшіміз бірлікте!

Күшіміз бірлікте!
Қазақстанның өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.
Ақмола облысының мәдени ошақтары бұл игі бастамадан шет қалмады. Облыстық театрлар, музейлер,
концерттік ұйымдар мен кітапхана ұжымдары су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан
облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетіп, азық-түлік пен жеке бас гигиенасына қажетті
заттарды жеткізді. Біздің күшіміз бірлікте!