Аймақтың көркемдің кеңестің отырысы өтті.

Аймақтың көркемдің кеңестің  отырысы өтті.

Аймақтың көркемдің кеңестің алғашқы отырысы өтті. Кеңес құрамында мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, мамандар, шығармашылық бірлестіктердің өкілдері: Халық әртісі Бағысова Жібек, жазушы, драматург, мемлекеттік және қоғам қайраткері Ерғалиев Жабал, Ш. Уәлиханов Көкшетау университетінің ректор кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, доцент Сейтқасымов Аманай Асылбайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Макенова Бисара,  дирижер, «Мәдениет қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері Базаров Турлықожа, Ақмола облысы бойынша өлкетанушылар қауымының төрайымы Салық Гүлбаршын, дирижер, «Күйшілер одағының» мүшесі Койшыбаев Руслан, Қоғамдык келісім» басшысы

Нұғыманов Ермек, профессор, тарих ғылымдарының докторы Артықбаев Жамбыл, «Бірлік» «Ақмола облысы бойынша мүгідіктігі бар тұлғалардың бірлестігінің төрағасы» Мұқатаев Рамазан.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: “Негізгі құндылықтарымызды бұқаралық ақпарат құралдары мен креативті индустрия, әсіресе, кино, музыка және әдбиет арқылы дәріптеу аса маңызды» - деп атап өтті. Осы орайда, мәдениет саласының қазіргі дамуына ерекше назар аударылады.

Өңірлік көркемдік кеңес Музей-кітапхана ісі, театр-цирк өнері, музыкалық-концерттік қызмет жөніндегі Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанындағы консультативтік-кеңесші органдар болып табылады. Отырыста Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының және Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ағымдағы жылдың репертуары бойынша ақпарат тыңдалып, талқыланды.

Биылғы жылдың мерейтойлық даталары аясында қара шаңырақта «Көкшелік драматургтарының апталығы», «Сәлем!» ІІ Халықаралық театр фестивалі, жаңа қойылымдар және фестивальдерге қатысу жоспарларымен театр басшысы Жарас Қалдаров және көркемдік жетекшісі Нұрислам Әбділ бөлісті. XXҮII шығармашылық маусымның жаңалығы – театр жанында «Көкшетау сазы» атты фольклорлы ансамблдің ашылуы ұжым репертуарының жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Кеңес мүшелерімен актерлардың шеберлігін арттыру мақсатында үздік театрларға тағылымдамадан өту үшін жолдау, театрға белгілі әртістерді шақыру,филармонияда жыл қорытындысы ретінде танымал әншілеріміз - мерейтой иелерінің қатысуымен  біріккен концерт ұйымдастыру, филармония ұжымында тәлімгерлікті қолдану ұсынылды.