Әдебиет және өнер музейінде Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына арналған "Баласы Қожағұлдың Біржан салмын..." атты әдеби-сазды кеші өтті

Әдебиет және өнер музейінде Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына арналған "Баласы Қожағұлдың Біржан салмын..." атты әдеби-сазды кеші өтті

Кербез Көкшеміз ертеден ән бесігі, жыр ордасы екені баршаға мәлім. Жер шоқтығы Көкшетауды Ақан мен Біржан, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп пен Балуан Шолақ, Сәкен мен Мағжан әнімен тербеткен.

Қазақ халқының әншілік өнерін толыстырып, байытып, оны биікке көтерген қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы Біржан Сал Қожағұлұлының алатын орны ерекше.

Әрбір үлкен дарын иесі сияқты, ол қазақ ән өнеріне өзіндік өрнек салып, өзіндік дара ән мектебін орнықтырып кетті. «Ақтентек», «Біржан сал», «Айбозым», «Көкек» сияқты әндері қазақ ән өнеріне шырай беретін, шоқтығы биік асыл туындылар.

Ақмола облысы мәдениет мекемелерімен 300-ден астам іс-шаралар жоспарланды. Бұл: дәстүрлі әншілер байқаулары, қыз бен жігіт айтысы, ақындар мүшайрасы, әдеби кештер және т.б.

Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы атынан бүгінгі игі іс-шараға қатысып отырған, әйгілі тұлғаның туған шөбересі – Теміртасов Марал Мұхамедқалиұлына арнайы шапан табыс етілді.