«Ақан сері Қорамсаұлы: өмірі, тағдыры, мұралары» атты конференция өтті

«Ақан сері Қорамсаұлы: өмірі, тағдыры, мұралары» атты конференция өтті

Бүгін Қоғамдық келісім сарайында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ақан сері Қорамсаұлы: өмірі, тағдыры, мұралары» атты конференция өз жұмысын бастады. Аталған алқалы жиын Ақмола облысы әкімінің орынбасары Әміренова Алтынай Байқадамқызының құттықтау сөзімен ашылды.

Белгілі тарих ғалымы Аманбай Асылбайұлы Сейітқасымов «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, облыс тарихын зерттеуге, музей ісінің жандануына еңбек сіңіріп жүрген Жамбыл Артықбаев, Саят Ыбыраев, Сәбит Жәмбек, Аян Қажыбай, Ғалымтай Төлепбергенов, Марат Утегенов, Арман Баянұлы облыс әкімі орынбасарынының алғыс хатымен марапатталды.

Конференцияға алыстан ат терлетіп келген қонақтардың қатарында Ақан сері Қорамсаұлының ұрпағы философия ғылымының кандидаты, доцент Райымбекова Гүлдәрия Жәнәбілқызы және Ақан серінің туысы Қасым молланың ұрпағы Роза Қасымқызы; тарих ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамбыл Артықбаев, Астана халықаралық университетінің тарихшысы Саят Ыбырай және өңірлік ғалымдар тарих ғылымдарының кандидаты Сейтқасымов Аманбай; филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек; ардагер журналист Нұрсейітов Марат Мырзайұлы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қажыбай Аян; тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Утегенов Марат; Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің докторанты Төлепбергенов Ғалымтай; Тарих және әлеуметтік дінтану ғылымдары магистрі Абилкадыров Арман қатысып, баяндамаларын оқыды.