ҚР Суретшілер одағының құрылғанына 90 жыл толуына орай Ақмола облысы суретшілерінің «Ғасырлар тоғысында» атты шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

ҚР Суретшілер одағының құрылғанына 90 жыл толуына орай Ақмола облысы суретшілерінің «Ғасырлар тоғысында» атты шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

Құрылғанына ғасырға жуық уақыт толған ҚР Суретшілер одағының тарихи жолын шолу, сондай-ақ, Ақмола облысы суретшілерінің шығармашылығын көпшілік қауымға насихаттау, жігерлі талап пен талмас еңбектің нәтижесі әрқашан қуанышқа толы, жарқын жолға бастайтынын көпшілікке үлгі ету арқылы көрермендерді өнегілі өнерге, еңбек жолына шақыру, көпшілік қауымды қаламыздың мәдени ошақтарын жиі аралауға, шығармашылық тарту, халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатында ҚР Суретшілер одағының құрылғанына 90 жыл толуына орай Ақмола облысы суретшілерінің «Ғасырлар тоғысында» атты шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

         ҚР Суретшілер одағы 1933 жылы советтік суретшілер ұйымдастыру комитеті құрылған кезінде шығармашылық жолын бастады, халық комиссарлар кеӊесі жас ұйымға қаржылық қолдау беруге шешім қабылдады. Оған дейін суретшілер одағыныӊ келешек дамытылуы үшін тағы бір маӊызды күні бар еді. 1928 жылы Семей қаласыныӊ Крутильников Николай атты суретшісі ынта білдіріп, алғашқы жылжымалы көрмесіӊ өткізіп, Риддерден шығып Қазақ ССР астанасы Кызлылорда қаласына қарай бет алды. Осылайша, биыл бірінші жылжымалы көрме 90 жасқа толады. Сол жылдардыӊ суретшілері көркем-сурет училищесініӊ және көркем галереялардыӊ құру бастамашылары болып саналады.

         1940 жылы Кеӊес Одағында бірінші суретшілер съезі өткізілді, сол уақыттыӊ өзінде мекеме Қазақстанныӊ әртүрлі қалаларында 8 филиалға ие болды. Одан арғы дамуын соғыс тоқыратты. Алайда 50-ші жылдары шығармашылық және ұйымдастырушылық процесс тез және сәтті даму бастады, сол қозғалыс тіпті бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бүгін Қазақстан шеберлерініӊ есімдері әлемніӊ көптеген елдерінде белгілі, ҚР Суретшілер одағыныӊ мүшелері саны 1200 дейін жетеді, олар 12 филиалдарында ұйымдастырылған.

Көрмеге     ҚР Суретшілер Одағының Ақмола облысы филиалының төрағасы   Ю.Г.Попов, суретшілер одағының мүшелері Д.Коспанов, Л.Анисимова, А.Сутулова, М.Кокурхоева, Бектас Кәрімұлы, Н.Булгакова, О.Губа, Е.Ибраев, И.Исенов, О.Лузина, Г.Мугжанова, Д.Магзумова, И.Седлецкий, Т. Соловьева, В.Трофимов, А. Шаповалов, В.Юрьев, Р.Яковлев, Ю.Желобкова, М.Бурмаганов сияқты Ақмола облысының келесі суретшілерінің жұмыстары қойылды.

Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы А.Сәбитова қылқалам шеберлерін көрменің ашылуымен құттықтап, Ақмола облысы мәдениет басқармасы атынан алғыс хат табыстады.