3 тамыз күні Сандықтау ауданында Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлының қатысуымен "Ақ-бидай-2023" XXXIV жазғы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Мәдени іс-шараға Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының "Гәкку" би ансамблі, облыстық "Көкшетау" мәдениет сарайының "Көкшетау", "Он алты қыз" халықтық би ансамбльдерінің негізгі және орта топтары, сонымен қатар облыстың үздік шығармашылық ұжымдары қатысты.