Қазақстан халқының бірлігі күніне және Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Би - рух тынысы» хореографиялық фестивалі

Қазақстан халқының бірлігі күніне және Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Би - рух тынысы» хореографиялық фестивалі

1 мамыр - Қазақстанның халқының барлық этностарының достығы мен келісімінің мерекесі, бұл қазақстандық патриотизмнің, елімізге, халқымызға деген адалдықтың мерекесі. Еліміздің барлық жетістіктері бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткізілді.

Қопа көлінің жағалауында Облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күніне және Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Би - рух тынысы» хореографиялық фестивалі өтті.

Фестивальге: «Алем» заманауи би балеті (Е.Рахмадиев ат. Мемлекеттік академиялық филармониясы, Астана қ.); «Әдемі-ау» қазақ би ансамблі (Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.); «Жастар» халықтық би ұжымы (Ерейментау ауданы); «Фламинго» халықтық би ансамблі (Қорғалжын ауданы); «Молодость» халықтық би ансамблі (Атбасар ауданы); «Радуга» халықтық би ансамблі (Степногорск қ.); «Реверанс» хореографиялық ұжымы (Сандықтау ауданы) және Көкшетау қаласының ұжымдары «Adagio» би студиясы; «Гәкку» би ансамблі; «Асса» ансамблі; «Асыл мұра» және «Арай» халықтық би ансамблдері  қатысты.

Фестивальді ұйымдастырушылар барлық қатысушыларды дипломдармен, естелік мүсіншелермен және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттармен марапаттады.

Концерттік бағдарламаға: «Он алты қыз», «Көкшетау», «Шалқыма», «Сувенир» халықтық би ансамбльдері, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі, «Полянка» үлгілі хореографиялық ұжымы және «Көкшетау» мәдениет сарайының солистері Ерқанат Ербосынұлы , Нұрғиса Досмахан, Ақниет Абдулла қатысты.