«Folk-Symphony Kokshetau» фестивалі аясында «SAZ&SOUL» тобы (Астана қ.) мен көркемдік жетекші, бас дирижер Ерназар Уразалин мен дирижер Абай Ақбужуровтың жетекшілік етуімен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің концерті өтті

«Folk-Symphony Kokshetau» фестивалі аясында «SAZ&SOUL» тобы  (Астана қ.) мен көркемдік жетекші, бас дирижер Ерназар Уразалин мен дирижер Абай Ақбужуровтың жетекшілік етуімен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің концерті өтті

28 мамыр күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Folk-Symphony Kokshetau» фестивалі аясында «SAZ&SOUL» тобы  (Астана қ.) мен көркемдік жетекші, бас дирижер Ерназар Уразалин мен дирижер Абай Ақбужуровтың жетекшілік етуімен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің концерті өтті. Концерттік бағдарлама фестивальдің «эстрадалық-джаз музыкасы» бағытына бағытталған.

Концертте филармония солистері: «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов, Марина Зяблинцева, Эльмира Камарницкая мен солист-аспапшылар: Даяна Кенжекеева, Наталья Серафимович (саксофон), Виталий Яныков (гитара), Владимир Тарасов (клавиши), Марлен Сапарбеков пен Арсен  Еркін (флейта), Илья Чапаниди (труба), Дамир Тұяқбай, Әділетхан Жұмақан, Рустам Жахин, Евгений Субботин (тромбон) өнер көрсетті.

Көрермендердің назарына атақты джаз композиторларының (Луи Армстронг, Бобби Тиммонс, Гордон Гудвин, Эрик Моралес,Ральф Джинжер, Фрэнк Кнапп және т.б.) танымал туындылары, фанк және рок стиліндегі музыкалар ұсынылды.

Концертке арнайы шақырылған «SAZ&SOUL» тобы өнер сүйер қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, естен кетпес ерекше эмоцияға бөледі. Ұжымның идеялық шабыттандырушысы және көркемдік жетекшісі – композитор, мульти-аспапшы Әділжан Толықпаев.

Топтың репертуары әр-түрлі стилистикалық интерпретациялардағы қазақ халық әндеріне, сондай-ақ авторлық әндер мен аспаптық пьесаларға негізделген. Әр ән академиялық музыкадан джаз бен поп-музыкаға, самба мен румбадан техно-электронды музыкаға дейін әр түрлі жанр мен стильде ойналады.