Көкшетау қаласының тарихы музейі "Музейдегі түн" акциясы өтті

Көкшетау қаласының тарихы музейі "Музейдегі түн" акциясы өтті

18 мамыр Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай Ақмола облысы мәдениет басқармасының Көкшетау қаласының тарихы музейі "Музейдегі түн" іс-шарасын өткізді.

"Музейдегі түн" – түнгі уақытта музейге келіп, түрлі мәдени бағдарламарға қатысу арқылы жаңа жәдігерлермен танысып қана қоймай, сонымен қатар мерекелік көңіл-күйге бөленуге болатын Халықаралық музейлер күніне арналған халықаралық, мәдени-ағартушылық акция.

Акцияның басты мақсаты – заманауи музейлердің мүмкіндіктері мен әлеуетін айқындап, бірегей іс-шаралар мен бағдармалар ұйымдастыру арқылы музей беделін нығайту, музейлерге жастарды тарту, өз елінің тарихы, мәдениеті мен өнеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес, келушілер назарына көкшелік суретші Наталья Лосеваның жеке сурет көрмесі, ретро радиоаппаратура көрмесі, ХX ғ. ортасындағы қалалық интерьердің экспозициясы, этноауыл және интерактивты алаңдар, фотозонолар, гитарамен ән айту және дәстүр бойынша самаурынмен шай ішу ұсынылды.

Көңілді музей түні келушілер жадында ұзаққа ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз.