«Тарихи-мәдени мұра: тәжірибелер, мәселелер және даму болашағы» атты ғылыми практикалық конференция

«Тарихи-мәдени мұра: тәжірибелер, мәселелер және даму болашағы» атты ғылыми практикалық конференция

Бүгін халықаралық ескерткіштермен тарихи орындар күні. Аталмыш мереке 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясымен бекітіліп 1984 жылдан бастап қоғамның назарын дүниежүзілік мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне аудару мақсатында аталып келеді. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 аса  мемлекеті бар. Дүниежүзінің тарихи құндылықтары ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

Бай ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау міндеті бүгінгі күні өзекті және маңызды міндет болып табылады.

18 сәуір күні Ақмола облысы мәдениет басқармасының бастамасымен  «Тарихи-мәдени мұра: тәжірибелер, мәселелер және даму болашағы» атты ғылыми практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Конференцияға «Бозоқ» тарихи-мәдени музей қорығы, республикадағы  Тарихи-мәдени мұраны қорғау орталықтары, Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм, Smart Aqmola  басқармалары, өлетанушылар Ассоциациясының төрайымы, Ш.Уәлиханов және А.Мырзахметов атындағы университеттерінің ғалымдары, Зеренді ауданы мемлекеттік архив директоры, Жақсы ауданы Запорожье аулының жалпы орта білім беру мектебінің директоры, «Nomad» археологиялық клубының жас мүшелері, қала, аудан, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, музейлер қатысты.

Сонымен қатар конференция аясында Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының жанынан ашылған жас археологтар клубына жаңа мүшелер қабылданып іс-шараны ажарландыра түсті.

Конференция барысында қатысушылар бүгінгі таңда ескерткіштерді сақтау және қорғау маңыздылығын атап өтті. Конференция резолюциясы қабылданып, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығына келесі жұмыс түрлерін қолға алуды тапсырды. Олар Ақмола облысындағы  тарих және мәдениет, сонымен қатар рухани қасиетті орындарын насихаттау жұмыстарын ілгерілету;

  • туризм арқылы тарихи мәдени-мұраны дамыту;
  • тарихи-мәдени мұраларды цифрландыру және одан әрі жұмыстарды жалғастыру;
  • ескерткіштерді насихаттау аясында республикамыздың Тарихи-мәдени мұра орталықтарымен тығыз байланыс орнату, әріптестікті жалғастыру;
  • өлкетанушылар ассоциациясымен бірлесіп өлкетану жұмысын жүргізу;
  • жас археологтар клубының жұмысын жалғастыру, клубқа жаңа мүшелерді қабылдау;
  • Ақмола облысының киелі объектілер тізіміне жаңа объектілер қосу;
  • тәжірибе алмасу аясында  «Бозоқ» тарихи-мәдени музей қорығына және Түркістан облысына іс-сапармен бару;
  • 2Гис жүйесіне киелі Ақмола облысының нысандарын қосу;

Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасымен бірлесіп ескерткіштерге  жол салу, логистика және аббаттандыру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Әр халықтың құнды дүниесінің бірі, әрі бірегейі - оның мәдени мұрасы. Мыңдаған жылдардың тарихын таңбалап, өткен күннен белгі болып қалған тарихи-мәдени ескерткіштер, жазбалар, кешегі күн - бүгінгі тарихтан қандай да бір сыр шертетін деректер - баға жетпес асыл қазынамыз.

Ғасырлар арасын жалғастырып, алтын көпірге айналған мұраларымыз жоқ емес, жетерлік. Кешегі мен бүгінді, бүгін мен болашақты сабақтастырған бұл қазынаның орны қашан да ерекше екені де баршаға аян. Әр мәдениет көрінісінің жарқын келбеті болған мұраларымызды келер ұрпаққа аманаттау - әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.