Құрметті ата-аналар мен шағын және орта бизнес өкілдері!

Құрметті ата-аналар мен шағын және орта бизнес өкілдері!

Құрметті ата-аналар мен шағын және орта бизнес өкілдері!

2021 жылғы 1 мамырдан бастап 4 жастан 18 жасқа дейінгі жас санатындағы балалар мен жасөспірімдерге тегін мемлекеттік шығармашылық тапсырыс тетігі қолданысқа енгізілді.

МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРЫС – мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін мәдениет саласында көрсетілетін қызметтер көлемі.      

Мемлекеттік  шығармашылық тапсырыстың жеткізушілері ретінде меншік нысанына қарамастан, сапалы жұмысқа дайын және заңнамада белгіленген талаптарға сай келетін кез келген ЖК және заңды тұлғалар қатыса алады. 

4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қызмет алушылар болып табылады, олардың мүдделерін олардың заңды өкілдері білдіретін болады (ата-аналары).    

Жеткізушілер мен балаларды тіркеу мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылар арасында деректер алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін https://artsport.edu.kz "БАЛА" АЖ электрондық платформасында жүргізіледі.

2021 жылғы 27-28 сәірде заңға тәуелді актілер Мәдениет және спорт  министрінің бұйрықтарымен бекітіліп, Эталондық бақылау банкі-ҚР НҚА орналастырылды (ЭКБ ҚР НҚА). Бұнда біз олардың ресми PDF нұсқасын орналастырамыз:

 

Мемлекеттік тапсырысқа қатысуға ниет білдірген Ақмола облысының барлық қызмет жеткізушілеріне, сондай-ақ балалардың заңды өкілдеріне https://artsport.edu.kz порталында тіркелу рәсімін бастау қажет.