"Біз бақытты баламыз" балғын суретшілер сайысы

"Біз бақытты баламыз" балғын суретшілер сайысы

2021 жылдың 1 маусымы күні Халқаралық балаларды қорғау күніне орай Әдебиет және өнер музейінде "Біз бақытты баламыз" атты қаланың бастауыш сынып оқушылары арасында өткен балғын суретшілер сайысының қорытындысы болып өтті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі ІІІ орынды Бақытбек Ғасырхан еншілесе, ІІ орынды Айша Ертай жеңіп алды. Ал, Фатима Абылхан сайыстың жеңімпазы болып танылды.