«Чужих детей не бывает» театр акциясы

«Чужих детей не бывает» театр акциясы

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Ақмола облыстық орыс драма театры жыл сайынғы «Чужих детей не бывает» атты театр акциясын өткізді. Театр алаңында кішкентай көрермендер А.Бронникованың сахналауындағы «Планета Детства» музыкалық ойын-сауық бағдарламасына қатысып, асфальтта сурет салу конкурсы жарысының  жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, жас көрермендер тапқыр ағаш «Буратиноның» ерекше оқиғаларының тарихымен танысты, сиқырлы елге кіріп, алтын кілттің құпиясын білді.  (А.Толстойдың «Приключения Буратино»).

«Мәдениет саласының үздігі» спектаклінің қоюшы-режиссері - Ольга Луцива, Қоюшы - суретшісі – Наталья Менщикова.

   Іс-шара Гүлнар Тұрлыбекқызы Тасболатованың, Аружан Саиннің өңірлік өкілі мен Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сабитованың  қатысуымен өтті.

  Іс-шара соңында әр бала демеуші «Гормолзавод» ЖШС-нен тәтті сыйлық алды.