«Жазғы оқулар» фестивалі

«Жазғы оқулар» фестивалі

Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК «Шамшырақ» балалар коворкинг орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ашық аспан аясында «Жазғы оқулар» маусымының ашылуы және «Балалық шаққа саяхат» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен мектеп жанындағы жазғы лагерьдің балалары қатысты.

Балаларды мерекесімен Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы  Сәбитова Айгүл Баубекқызы құттықтады. Белсенді оқырмандар өздерінің тілектерін әнмен, өлеңдермен жеткізді. Біздің көңілді мерекемізде балалармен әр түрлі викториналар мен ойындар ұйымдастырылды, соңында балалар естелік фотоға түсті. Іс-шараға қатысқан бүлдіршіндердің бәріне тәттілер мен сыйлықтар таратылды.