
Қара жорға биiнiң шығу тарихы тым ерте заманға меңзейдi. Ежелгi Ғұн, Үйсiн, Қаңлы, Найман-Керей хандықтары тұсында атты әскерлер ұзақ жорықтарда жүргенде үзiлiстерде алқа-қотан тұра қалып, жаппай би билейтiнi, ол бидiң «Жылқы биi» (Ма у) деп аталатыны жөнiнде ертедегi қытай жазбаларында сақталған.
«Қара жорға» ежелден келе жатқан ғажап қазақ биі. Бұл биде біздің қатпарлы тарихымыз мен тағдырымыз бар. Ғасырлардан жалғасып келе жатқан салт пен дәстүр де осы биде. Тіпті қыз бен жігіттің сұлу сезімі мен махаббатын да осы биден табасың. Рухани жаңғыру бағдарламасының 4 жылдығын мерекелеу аясында санитарлы нормаларды, ара қашықты сақтай отыра Ақмола облысы мәдениет және архивтер басқармасының бастамасымен облыстың 17 ауданы мен 2 қаласының шығармашылық ұжымдары, Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры. Қара жорға» би челенджіне жалпы 500-ден астам адам қатысты.