«7 қазына – ұлт ырысы» атты керуені

«7 қазына – ұлт ырысы» атты керуені

Рухани жаңғыру бағдарламасының 4 жылдығына орай облыс орталығында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқарамасының ұйымдастыруымен қаланың орталық көшелерімен «7 қазына – ұлт ырысы» атты керуені ұйымдастырылды.

Әлемді таң қалдырар бабалар ілімінің танымдық дәрежесінің бір биігі - «жеті қазына». Жеті қазына сөзін естігенде оны ұлтымыздың тамаша танымы ретінде әлемдік байлықты көргендей болатынымыз рас. Қазақ халқы ұлы дала заңына сай әр адамның өмір сүруде өзін бақытты сезінуіне қажетті дүниелерді – Жеті Қазына деп атаған. Сол жеті қазынасы бар адам өмірдің бар рахаты мен қызығын көрді деген сөз. Өйткені ол жерде ең қажетті дүниелер айтылған. Қазақ халқы ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: Ер жігіт, Сұлу әйел, Ілім – білім, Жүйрік ат, Құмай тазы, Қыран бүркіт, Берен мылтық. Сонымен қатар, мерекелік күні қаланың «Көкшетау» аркасынан орталық көшелерімен «Салтанат сарайына» дейін «Рухани жаңғыру» туларымен автошеру ұйымдастырылды.

Бүгінгі күні ұлттық код сақтау мақсатында, халық арасында ұлттық құндылықтарды, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында облысымыздың әрбір 213 мәдениет үйі  жанында «Балқадиша» клубтары ашылуда.