Цифрлық экономикаға көшуді іске асыру

Цифрлық экономикаға көшуді іске асыру

Құрметті ақмолалықтар!

Цифрлық экономикаға көшуді іске асыру, эпидемиологиялық ахуал жағдайында рұқсат беру құжаттарын тікелей байланыссыз ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы мәдениет және архивтер саласында мынадай мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсететіні туралы хабарлайды:

1. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру;
2. Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру;
3. Көркем өнерпаздық ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінімдер;
4. Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру.

Азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толығырақ басқарманың интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша таныса алады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/activities/services?lang=kk