Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Мәдениет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында а.ж. 12 қаңтарында Ақмола облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы "ZOOM" қосымшасы арқылы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша онлайн семинар-кеңес өткізді.

Кеңес барысында Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м.а. Г.С. Бекназарова қызметкерлердің назарын мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді мүлтіксіз сақтау, мемлекеттік орган қызметінде адалдық, ашықтық және этика қағидаттарын сақтау қажеттігіне аударды, мемлекеттік қызметшілер кәсіби қызметте де, күнделікті өмірде де ашықтық, кәсібилік және парасаттылық үлгісі болуы тиіс екенін атап өтті.

Басқарма басшысының м.а. Елбасы мен мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін заңнамалық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бойынша пәрменді шаралар қабылданып жатқанын, бұл қоғамдағы осы әлеуметтік зұлымдықты жоюдың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін қорытындылады.