Өткен 2020 жыл жемісті болды! 2021 жылда жоспарлаған іс-шаралар одан кем болмайды!

Өткен 2020 жыл жемісті болды! 2021 жылда жоспарлаған іс-шаралар одан кем болмайды!

2021 жыл Мәлік Ғабдуллин музейі үшін жауапты жылдардың бірі болмақ және Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 105 жыл толуы мен музейдің 25 жылдығына орай, М. Ғабдуллиннің эпистолярлық мұралары жинақталған «Мен халықтың ұлымын!» кітабы мен «Жемісті жылдар» альбом кітабының тұсаукесерін өткізуден басталады. Сондай-ақ, наурыз айында Мәлік батырдың саналы ғұмыры өткен Алматы шаһарының төріндегі орталық мемлекеттік архивте аталмыш кітаптардың тұсаукесерін өткізу жоспарланып отыр.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында жыр алыбы, ғасыр куәгері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Алматы облысындағы Жамбыл Жабаев музейі М.Ғабдуллин музейінің көрме залына «Алты алаштың Жамбылы» атты көрме әкеліп қояды және осы көрменің салтанатты тұсаукесері өтеді.

Ал, мамыр айында Нұр-сұлтан қаласындағы ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде «Мәлік ерлігі ел есінде» атты көрме қою жоспарланып отыр, бұл бағыттағы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Мамыр айында саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған Қазақстандағы ашаршылық және оның демографиялық салдары» республикалық конференциясы мен қараша айында Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне орай «Ел үмітін ер сақтар, Ер атағын ел сақтар» ІV Республикалық конференциясы өткізілетін болады.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қала мектептері оқушыларының арасында «Менің Тәуелсіздігім» жас суретшілер байқауы ұйымдастырылып, жыл ел үшін еңбек еткен ауыл жастарының қатысуымен өтетін «Тәуелсіздік тұғырым» мерекелік кешімен қорытындыланатын болады.